Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды


Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылында құс фабрикасының аумағында бір қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер 1 500 шаршы метр аумақтағы өртті тез арада жойды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, өрт ғимараттың ішіне таралмай, 8 000-ға жуық тауық аман қалды. Өрт екпіні күшті желдің әсерінен тез тарап кеткен.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.