«Бәйтерек» холдингінің экс-директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды


«Бәйтерек» холдингі мен «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бұрынғы директоры Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 3 сәуірде Zakon.kz сайтына ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство Нұржан Нұрлановқа қатысты Алматы полиция департаменті тергеу басқармасы ҚР ҚК 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.