Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен не туралы сөйлесті


Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2024 жылы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ 935 млн долларға 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді.

Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға 2 млрд еуро инвестиция құюды жоспарлап отырғаны туралы тың мәліметтер берді.

Қазақстан Президенті банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.