алғашқы сот отырысының уақыты белгіленді


17:39, 31 наурыз 2025

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысының өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық сотының хабарлауынша, алдын ала тыңдау 10 сәуірге сағат 12:00-ге белгіленген.

Ол Талдықорғандағы Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтуге тиіс.