WTA турнирінің жұптық кездесуінде 17 жастағы теннисші жеңіске жетті


10:34, 31 наурыз 2025

Ресейлік теннисшілер Мирра Андреева мен Диана Шнайдер Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 сериясының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауапты матчта ресейлік дуэт Кристина Букша (Испания) / Миа Като (Жапония) жұбын 6:3, 6:7, 10:2 есебімен жеңді.

Матч бір сағат 39 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Мирра мен Диана төрт эйс шығарды және бес брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.

Бұған дейін 17 жасар ресейлік Мирра Андреева жекелей сында екі WTA турнирінде жеңіске жеткен болатын (Дубай, Индиан-Уэллс).

Бұған дейін Дмитрий Попконың Мексикадағы жарыстың финалына шыққандығы хабарланған болатын.