Еліміздің екі өңіріндегі жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді


2025 жылы 8 ақпанда Ақтөбе және Қызылорда облыстарында республикалық тас жолдардың кейбір учаскесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған шектеулер сағат 12:40-тан бастап жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты енгізілді:

  • Ақтөбе облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» тас жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін);
  • Қызылорда облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» тас жолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) жабылды.

Жолды 2025 жылы 8 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

Сенбіде синоптиктер Астанада, Шымкентте және 15 өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын.