13:56, 28 наурыз 2025
Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас пен оның әйелі, әртіс Жұлдыз Әбдікәрімова бірге саяхатқа аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы олардың Instagram парақшаларынан белгілі болды. Айталық, Жұлдыз Әбдікәрімова Абу-Дабиге (Дубай) саяхатқа шыққандарын жазды.
Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Алайда желідегі бейнелерден отбасы мүшелерінің бірге жүрмегендері байқалып қалды. Мәселен, Әбдікәрімова тек кіші ұлы Ханмен бірге ел аралап жатқанын айтты.
Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Ал, Қайрат Нұртас болса үлкен ұлымен кабриолетте отырған бейнесін жариялады.
Танымал жұптың қыздары – Сезім мен Алау әзірге кадрдан тыс қалды.
Бұған дейін Алматы әуежайында бірден екі әуекомпанияның рейстері кешігіп ұшқандары хабарланған болатын.






Leave a Reply