Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды


09:57, 28 наурыз 2025

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды. «Кәусар» тұрғын үй кешенінде болған жағдайға қатысты қазір полицейлер мән-жәйді анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпаратынша, қайғылы оқиға 27 наурыз күні таңертең болған. Іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қозғалған.

«Өзім клиенттерімнен естідім. Олар бойжеткеннің тоғызыншы қабаттан құлағанын айтты. Терезеден секіріп кетіпті. Көргендер көп сияқты»,- деді сол маңдағы дүкен сатушысы.

Бұған дейін Атырау облысында ер адам бұрынғы жұбайының жұмыс орнына келіп, оны пышақтап кеткендігі, әйелдің сол жерде жан тапсырғандығы жайлы жазған болатынбыз.