Геннадий Головкиннің жалған жарнамасына сенбеңіз


14:54, 26 наурыз 2025

Желіде танымал боксшы Геннадий Головкиннің «жаңа инвестициялық жобасы» туралы жалған ақпарат тарауда. Ақпараттық бюллетень авторлары жобаға қатысу арқылы байып кетуге болатынына сендіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Интернет-алаяқтарды әшкерелейтін Aqparat saqshysy Telegram-арнасының мамандары қазақстандықтарға мұның қаскөйлердің кезекті схемасы екенін ескертті.

«Геннадий Головкиннің бұл күмәнді схемаларға ешқандай қатысы жоқ. Алаяқтар оның атын, фотосуретін және ойдан шығарылған дәйексөздерін алаяқтық мақсатта пайдалануда».

Сурет: Telegram/aqparatsaqsysy

Маңызды ақпарат та жарияланды:

«Егер сіз белгілі спортшының атынан «жеңіл ақша», «ерекше мүмкіндік» немесе «автоматты түрде ақша табу» туралы уәделері бар жарнамаларды көрген болсаңыз – жай ғана өтіп кетіңіз және жақындарыңызға ескерту жасаңыз».

Бұған дейін қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері Берлинде тағылымдамадан өтуде екендігі хабарланған болатын.