Алматыда 1500-ден астам әскери 150-ге жуық көшет отырғызды


14:51, 23 наурыз 2025

Алматыда әскери оқу орнының жеке құрамы Тазару күнінде экологиялық акция өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарына сүйенсек, 1500-ден астам әскери қызметші, курсанттар мен мерзімді қызмет сарбаздары көшет отырғызуға, институт аумағын және оған іргелес аймақтарды абаттандыруға қатысты.

Акцияны институт бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов басқарды.

«Көгалдандыру – бұл қала экологиясы мен оның тұрғындарының болашағы. Біз үшін бұл бір реттік акция емес. Институттың әскери қызметшілері осындай іс-шараларға үнемі қатысып тұрады», – деп атап өтті ол.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Экологиялық акция аясында 150-ге жуық ағаш отырғызылып, аумақтарды ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілді

«Біз қаланың орталық көшелерінің біріне көшет отырғыздық. Енді бірнеше жылдан кейін өсіп шығатын ағаштар қаланың келбетіне сәйкес келмек», – деді 2 курс курсанты Ерасыл Әскербеков.

Бұған дейін Алматыда «Тазару күні» 8 мың текше метр қоқыс жиналғандығы жайлы жазған болатынбыз.