10:54, 19 наурыз 2025
Астана қаласында мал ұрлығының алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
Оның барысында заңсыз жұмыс істеген үш жасырын ет өңдеу цехы анықталды. Жедел іс-шара барысында шаруа қожалықтарының үш нысаны, фермалар мен жайылымдық жерлер, бес қасапхана тексеріліп, шаруа қожалықтарының иелерімен санитарлық нормалар туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 3 дерегі анықталды. 30 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркеліп, хаттамалар толтырылды.
Қазіргі таңда қосымша тергеу жүргізіліп, ұйымдастырушыларға қатысты шаралар қабылдануда.






Leave a Reply