17:28, 28 сәуір 2026
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және танымал ету бойынша 2026–2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспар бірнеше бағытты қамтитын 37 іс-шарадан тұрады:
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы сыйлықты институционалдық және құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету
- Ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарын дамыту
- Мәдени-ағартушылық және шығармашылық шаралар өткізу
- Мұраны ақпараттық тұрғыда таныту және халықаралық деңгейде насихаттау
- Тарихи мұраларды қалпына келтіру (реставрация)
Аталған жоспар аясында мынадай нақты іс-шаралар жүзеге асырылады:
- Түркістан қаласында мектеп оқушылары арасында «Ясауитану» дәстүрлі байқауының республикалық кезеңін ұйымдастыру
- Қожа Ахмет Ясауи шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару
- «Ясауитану» атты халықаралық ғылыми журнал шығару
- Мектептерде «Yassawi Week» атты апталық іс-шаралар өткізу
- «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы: жастар көзқарасы» тақырыбында республикалық эссе байқауын ұйымдастыру
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ясауи мұрасы және оның түркі әлеміне ықпалы» атты республикалық конференция өткізу
- Астана, Алматы және Түркістан қалаларында архив құжаттары мен қолжазбалар негізінде көрмелер ұйымдастыру
- Облыс орталықтарындағы көшелердің немесе даңғылдардың біріне Қожа Ахмет Ясауи есімін беру
- Отандық және шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде арнайы жобалар (подкасттар, челлендждер, бейнероликтер) іске қосу
- ЮНЕСКО аясында халықаралық ғылыми конференция өткізу
- Шетел мемлекеттерінде саябақтар мен көшелерге Қожа Ахмет Ясауи есімін беру мүмкіндігін қарастыру
- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.






Leave a Reply