17:37, 24 сәуір 2026
«PRG.» цифрлық жүйесі Қазақстан заңнамасында ағымдағы жұмыс аптасында болған өзгерістер туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын бекітті.
- Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары қабылданып, тиісті жарлыққа қол қойылды.
- Жамбыл облысының Қордай ауданында «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» атты жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құрылды.
- Қазақстанда жаңа мерекелік дата бекітілді: 3 қыркүйек – Қазақ тазасы мен төбеті күні.
- Үкімет әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын қайта қарап, азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызудың кейбір негіздерін алып тастады.
- Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге алты айлық тыйым енгізілді.
- Ұлттық банк офшорлық аймақтар тізімін жаңартты.
- Үкімет жекешелендіру нысандарын сату қағидаларына өзгерістер енгізді.
- Қазақстанда маңдайшаларды (жарнамалық жазуларды) орналастыруды келісу бойынша жаңа ережелер 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
- Мәдениет министрлігі фонограмма қолдану туралы көрермендерді хабардар ету қағидаларын жаңартты.
- Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстандағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа қағидаларды бекітті.
- Қазақстан қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға қойылған тыйымды тағы 6 айға ұзартты.
- Жоғарғы сот әкімшілік істер бойынша процессуалдық заңнаманы қолдану мәселелеріне қатысты нормативтік қаулы қабылдады.






Leave a Reply