21:16, 21 сәуір 2026
Алматы қаласында 2026 жылғы 22 сәуірден бастап жолаушылар арасында сұранысқа ие екі автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 21 сәуір күні Алматы Көлік холдингі мәлімдеді.
«Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесі бойында кабельдік электр желілерін реконструкциялау жұмыстарына байланысты, 2026 жылғы 22 сәуірден бастап №17 және №123 маршруттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді».
№17
- Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі – одан әрі сызба бойынша.
- Кері бағытта: Жансүгіров көшесі – Сейфуллин даңғылы – одан әрі сызба бойынша.
№123
- Солтүстік бағытта:Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі – одан әрі сызба бойынша.
- Кері бағытта:Жансүгіров көшесі – Сейфуллин даңғылы – одан әрі сызба бойынша.
Бұған дейін Астана әкімі LRT-ның қашан іске қосылатындығын мәлімдеген болатын.






Leave a Reply