22 сәуірде Қазақстанда найзағай мен тұман күтіледі


17:39, 21 сәуір 2026

2026 жылғы 22 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстік-батысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Ал Қазақстанның солтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, кей өңірлерде желдің күшеюі болжанады.

«Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін». «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі бар аймақтар:

  • Жамбыл облысының батысы;
  • Жетісу облысының солтүстігі мен шығысы;
  • Түркістан облысының батысы;
  • Абай облысының орталығы.

Төтенше өрт қаупі бар аймақтар:

  • Жетісу облысының оңтүстігі;
  • Түркістан облысының қиыр батысы.

Бұған дейін Алматыдағы Сайран көліне су жинала бастағанын жазғанбыз.