Алматыда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар


17:09, 17 сәуір 2026

2026 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласында қоғамдық көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Әуезов ауданында сағат 12:00 шамасында болған.

«№15 бағыттағы автобус жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесімен қиылыста солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған №66 бағыттағы автобуспен соқтығысқан»,- деп мәлімдеді ПД.

Жол апаты салдарынан екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді.

Бұған дейін Алматыда полиция қызды қағып кеткен самокат жүргізушілерін іздестіріп жатқанын жазғанбыз.