17:55, 17 наурыз 2025
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы 2025 жылдың 18 наурызында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Тек еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады». «Қазгидромет» РМК
Сондай-ақ, Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс тән, ал еліміздің батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз оңтүстік -батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанады.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі үш қаласы бойынша алдағы үш күннің ауа райы болжамымен бөліскен болатын.






Leave a Reply