Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда бекітілді


14:00, 14 сәуір 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 наурызда «Қожа Ахмет Ясауи» ордені туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мемлекеттік награда – «Қожа Ахмет Ясауи» ордені тағайындалсын», – делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің эскизін әзірлеу тапсырылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қожа Ахмет Ясауи» атты жаңа орден тағайындауды ұсынған болатын. Бұл бастама ұлы ойшылдың мұрасын зерттеуге және насихаттауға үлес қосқан азаматтардың ерекше еңбегін атап өтуге, сондай-ақ өңір мен елдің мәдени-рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған.