Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады


21:13, 13 сәуір 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз күштері жойылды деп мәлімдеді, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ол өз мәлімдемесін Truth Social әлеуметтік желісінде жариялап, жаңа соққы жасауға дайын екенін ескертті.

«Иранның әскери-теңіз флоты теңіз түбінде жатыр, толық жойылған – 158 кеме. Біз олардың аз ғана санын құрайтын, «жылдам шабуыл жасайтын катерлеріне» соққы жасаған жоқпыз, өйткені оларды аса қауіпті деп есептемедік. Ескерту: егер осы кемелердің кез келгені біздің блокадаға жақындаса, олар теңіздегі есірткі тасымалдаушыларға қарсы қолданатын сол жүйемен бірден жойылады. Бұл тез әрі қатал болады. P.S. АҚШ-қа мұхит немесе теңіз арқылы жеткізілетін есірткінің 98,2%-ы тоқтатылды! Бұл мәселеге назар аударғандарыңызға рахмет», – деп жазды Трамп.

Бұған дейін Италияда танымал UFC спортшысын тонап кеткендігін жазғанбыз.