19:08, 10 сәуір 2026
2026 жылы 11 сәуірде сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев – Штраус және Розыбакиев – Жандосов көшелерінің қиылыстарында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шектеулер 10 кВ кернеулі кабель желісінің екі өткелін ашық әдіспен жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
«Бұл жұмыстар «ПС-6А, ПС-168А (2 кезең) нысандарында 6 кВ желілерін 10 кВ кернеуге ауыстыру» жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Жұмысты мердігер ұйым — «SARYARKA-MS» ЖШС атқарады». «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
Компания мәліметінше, жобаның негізгі мақсаты — Алматы қаласы тұтынушыларын электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттыру.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол қозғалысын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз», — делінген хабарламада.






Leave a Reply