16:07, 10 сәуір 2026
Алдағы сенбі күні Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев арасында бейресми кездесу өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 10 сәуірде Ақорданың Telegram-каналында жарияланды.
«11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді.»
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.





Leave a Reply