Республика күні қарсаңында «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет табысталады


13:40, 10 сәуір 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары мемлекеттік марапаттар қатарына «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болған, олардың ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.

«Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажеттігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият салаларында зор жетістікке жеткен азаматтарға беріледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталатынын жеткізді.