Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карлодағы ATP 1000 турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бублик бұл кезеңде чехиялық теннисші, әлемнің 13-ракеткасы Иржи Легечкамен кездесіп, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисші матч кезінде 5 эйс жасап, бір қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті қолданды.
Енді Александр ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық теннисші Карлос Алькарас пен аргентиналық Томас Мартин Этчеверри арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.






Leave a Reply