ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы 8 сәуірде педагогтердің білімін бағалауға (ПББ) қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хатының негізінде «модератор», «сарапшы», «зерттеуші», «шебер» санаттарына жұмыс істеп жүрген педагогтер және санатқа тапсыратын басшылар үшін ПББ өткізу тоқтатылады.
«Төлемді қайтару үшін [email protected] электрондық поштасына өтініш жолдауларыңыз қажет», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар орталық жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, сондай-ақ педагогикалық қызметін қайта бастауға ниет білдерген тұлғалар үшін «Педагог» санатына ПББ өтініштерге сәйкес өткізілетінін мәлімдеді.
«Тестілеуді «Педагог» санатына ай сайын өткізу жоспарланғанын еске саламыз», – деп хабарлады орталық.
Бұған дейін орталық 2026 жылы ПББ алғашқы тапсыруы тегін, ал екінші мүмкіндігі 5 640 теңге тұратынын нақтыланған еді.
Тестілеу 1 бөлімнен және 50 тест тапсырмасынан тұрады. Ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндерін тапсыратындар үшін – 125 минут.






Leave a Reply