Қазақстанда қанша қаңғыбас және чиптелген ит бар


Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев 2026 жылғы 8 сәуірде өткен брифингте Қазақстандағы тіркелген иттер мен мысықтар саны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, деректер базасында барлығы 312 мың жануар тіркелген.

«Оның ішінде 254 мыңы – иттер», – деп нақтылады Шәрбиев.

Сондай-ақ вице-министр қаңғыбас жануарларға қатысты статистиканы да айтты.

«Қаңғыбас иттер бойынша өткен жылы 276 мың жануар ауланды», – деді ол.

Қазақстанда иттерді жою кезінде жіберілген қателіктер үшін жаза қарастырыла ма – бұл туралы арнайы материалдан білуге болады.