Сабыржан Аққалықов жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті


Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Аққалықов Моңғолия өкілі Далай Ганзоригке қарсы жекпе-жекті сенімді бастады.

Алғашқы раундтың өзінде-ақ қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдыққа ие болды.

Одан кейін де Аққалықов басымдығын сақтап қалды. Екінші раундта Ганзориг тағы да нокдаунға түсті. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, финалда қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Джавохир Абдурахимовпен кездеседі.