Боксшы Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды


Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Номундари Энх-Амгаланмен (Моңғолия) кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Әйгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.