Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 7 сәуірде қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның батысында ғана антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, оңтүстіктің таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады». «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Сондай-ақ, республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде бұршақ жаууы, дауыл күтіледі.
«Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі».
Бұған дейін алдағы үш күнге – 7, 8, 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.






Leave a Reply