Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер Қазақстанның үш ірі мегаполисі бойынша 2026 жылғы 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райының күрт нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

  • 5 сәуір: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +7…+9°С, күндіз: +13…+15°С.
  • 6 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0…+2°С, күндіз: +15…+17°С.
  • 7 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +3…+5°С, күндіз: +19…+21°С.

Алматы

  • 5 сәуір: аспан бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні — 3-8 м/с, күндізгі екпіні — 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°С, күндіз: +22…+24°С.
  • 6 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 3-8 м/с, күндізгі екпіні — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°С, күндіз: +24…+26°С.
  • 7 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 3-8 м/с, күндізгі екпіні — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°С, күндіз: +25…+27°С.

Шымкент

  • 5 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 8-13 м/с, кей тұстағы екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10…+12°С, күндіз: +20…+22°С.
  • 6 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 8-13 м/с, күндізгі екпіні — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +11…+13°С, күндіз: +26…+28°С.
  • 7 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 8-13 м/с, кей тұстағы екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +11…+13°С, күндіз: +17…+19°С.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 2026 жылғы 4 сәуірде еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжаған болатын.