Шымкентте заңсыз айналымнан вейптердің ірі партиясы алынып тасталды: үш жігіт қолға түсті


Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, үш жас жігіт мессенджерлердің бірінде арна құрып, сол арқылы вейп өнімдерін жарнамалап, сатумен айналысқан. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,- деп мәлімдеді полицейлер.

Тәртіп сақшылары электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бұған дейін ІІМ Нұрай Серікбайдың ісі қашан сотқа жіберілетінін айтқанын жазғанбыз.