Шымкентте маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты басталды


Қазіргі таңда Шымкентте маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел біріншілігінде жүлделер бірнеше дисциплина бойынша сарапқа салынады.

Атап айтқанда, бағдарламаға ерлер мен әйелдер арасындағы кросс-кантри марафон (XCM), олимпиадалық кросс-кантри (XCO) және эстафета (XCR) жарыстары енгізілген.

Жарыс ересектер мен жасөспірімдер арасында өтеді.

Қазақстан чемпионаты 6 сәуірде аяқталады.