Әлемдегі ең қауіпті саясаткер әйел белгілі болды


11:28, 31 наурыз 2026

Солтүстік Корея жөніндегі сарапшы Сон-Юн Ли оңтүстіккореялық The Korea Herald газетіне берген сұхбатында КХДР басшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжонды «әлемдегі ең қауіпті саясаткер әйел» деп атады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ким Ё Чжон КХДР Еңбек партиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімін басқарады және іс жүзінде елдегі екінші ықпалды тұлға, яғни Ким Чен Ынның бейресми орынбасары саналады.

«Ядролық қаруы бар тоғыз мемлекет ішінде ықпалды әйелдер арасында мұндай шексіз билікті бұрын-соңды көрген емеспіз. Сондықтан мен оны әлемдегі ең қауіпті әйел деп атаймын», – деді зерттеуші.

Сарапшының пікірінше, Ким Ё Чжон – Солтүстік Корея дипломатиясындағы «ерекше құрал». Уақыты келгенде оның ашық мінезі мен сыпайылығы АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздерде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Бұған дейін Трамптың Қытайға сапарының мерзімін нақтылағанын жазғанбыз.