«Звездных войн» фильміндегі роботтың басы миллион долларға сатылды


11:55, 30 наурыз 2026

Жуырда Лос-Анджелестегі Propstore аукционында C-3PO роботының басы сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аукцион үйінің мәліметінше, бұл реквизит «Звездные войны: Эпизод V – Империя наносит ответный удар» фильмінде қолданылған. Лот коллекционерлер үшін қолжетімді жалғыз дана болған.

«C-3PO «Новой надежде» фильмінде экрандағы алғашқы диалогты айтқан кейіпкер және «Звездные войны» фильмінің барлық тоғыз бөлімінде көрінген санаулы кейіпкерлердің бірі. Бұл оны кино тарихындағы ең есте қаларлық роботтардың біріне айналдырады», – делінген лот сипаттамасында.

Бастапқыда оның бағасы 350 мыңнан 700 мың долларға дейін бағаланған. Алайда The Guardian мәліметінше, роботтың басы 1 058 400 АҚШ долларына сатылған.

Сурет: Facebook/PropStore

Бұған дейін Тимур Бекмамбетовтың фильмі мен Сильвестр Сталлоненің қызы Голливудтағы «ең нашарлар» тізіміне енгенін жазғанбыз.