29 наурызға арналған ауа райы болжамы


16:47, 28 наурыз 2026

«Қазгидромет» Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 29 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

«Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады», – делінген «Қазгидромет» мәліметінде.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі, солтүстікте көктайғақ, батыста, оңтүстікте және орталықта желдің күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында және Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.