Қазақстан мен Венгрия құрамалары арасындағы футбол матчы кейінге шегерілді


17:58, 24 наурыз 2026

Қазақстан мен Венгрия ұлттық құрамалары арасындағы маусым айына жоспарланған жолдастық матч Қазақстаннан Венгрияға ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан футбол федерациясы мен Венгрия футбол федерациясының келісімі бойынша кездесу 9 маусым күні бұрын жоспарланған Түркістанда емес, Дебрецен қаласындағы «Надьердеи» стадионында өтеді.

Бұл туралы Sportarena жазды.

Осылайша, маусым айындағы халықаралық үзіліс кезінде Қазақстан құрамасы екі сырт алаңдағы матч өткізеді: 6 маусымда команда Ереванда Арменияға қарсы ойнаса, 9 маусымда Дебреценде Венгриямен кездеседі.