Мәскеу маңында ұшақ апатқа ұшырады: құрбандар бар


18:46, 20 наурыз 2026

Жеңіл моторлы ұшақ Коломна қаласындағы Ока өзеніне жақын маңда, Киров көшесі ауданында құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Известия» басылымының жазуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ресейлік БАҚ екі адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Әуе кемесі Ступино қаласындағы «Торбеево-Старт» әуежайынан жоспарлы рейс орындап шыққан.

Бұған дейін Үндістандағы әуе апаты салдарынан экипаж түгел қаза тапқаны хабарланған.