14:11, 19 наурыз 2026
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 2026 жылғы 19 наурызда Сенаттағы брифингте жаңа Конституция бойынша референдум өткізілген күн мемлекеттік мереке болып жарияланып, демалыс күні болатынын хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.
Вице-министрдің сөзінше, референдумда қабылданған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден күшіне енеді.
«Конституция мәтінінде референдум өткізілген күн мемлекеттік мереке болып жарияланатыны, яғни күнтізбеде «қызыл күн» болатыны көрсетілген», – деді Виктория Шегай.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, барлық қазақстандық студенттер жаңа Конституцияның нормаларын оқитын болады.






Leave a Reply