Кубада ел бойынша жарық сөніп қалды


09:53, 17 наурыз 2026

Кубада ұлттық электр энергиясы жүйесі толық өшіп, ел түгелдей жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мемлекеттік Unión Eléctrica de Cuba компаниясы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.

«Ұлттық электрмен жабдықтау жүйесі толықтай өшті. Қалпына келтіру жұмыстары басталды», – делінген ақпаратта.

Нақтылай кетсек, жарық сөнген сәтте жұмыс істеп тұрған жылу электр станцияларында ешқандай ақау тіркелмеген.