Ұлытау облысында марафоншылар Жезқазғаннан Сатпаевқа дейін жүгіріп, өз учаскелерінде дауыс берді


14:28, 15 наурыз 2026

Ұлытау облысында өткен республикалық референдум барысында бір топ марафоншы Жезқазған қаласынан Сәтбаев қаласына дейін жаяу жүгіріп өтіп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Спортшылар бірнеше ондаған шақырымды еңсеріп, Сәтбаев қаласындағы №47 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Марафоншылардың айтуынша, бұл бастама – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершілікті көрсетуге бағытталған.

Олардың бұл әрекеті тұрғындар тарапынан қолдау тауып, референдумға қатысудың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Ұлытау облысында референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.