ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз таңдауын жасады


08:22, 15 наурыз 2026

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда өз таңдауын жасады.

ҚР Оқу-ағарту министрі Қазақстанның жаңа Ата заңын қабылдауға арналған жалпыұлттық референдумға қатысып, азаматтық міндетін орындады.

Ведомство басшысы елордадағы Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейде ашылған №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс бергенін жазғанбыз.