23:55, 13 наурыз 2026
Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінің жартылай финалына шығуының арқасында Елена WTA-ның лайв-рейтингінде 2-орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми түрде бұл мәртебе келесі аптадан бастап бекітіледі.
Ширек финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы (№5 WTA) 6:1, 7:6 есебімен тізе бүктірді.Ал Ига Швёнтек Элина Свитолинадан жеңіліп, рейтингте үшінші орынға сырғыды.
Енді Елена финалға жолдама алу үшін дәл осы Свитолинамен кездеседі.






Leave a Reply