17:19, 13 наурыз 2026
Бүгін, 2026 жылғы 13 наурызда Алматыда Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында автобус қатысқан жаппай жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгерлер әлеуметтік желілерде жариялады.
Zakon.kz тілшісі мән-жайды анықтау үшін қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомствоның мәліметінше, апат сағат 15:20 шамасында болған.
«Автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамағандықтан алдында келе жатқан бес автокөлікпен соқтығысқан», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД өкілдері.
Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті.






Leave a Reply