Биатлоннан Финляндиядағы әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі қандай


19:15, 10 наурыз 2026

Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың соңғы күні әйелдер арасында 4×6 шақырымдық эстафета өтті.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы сапында Дарья Климина, Милана Генева, Айша Рақышева және Лаура Киныбаева өнер көрсетті.

Отандастарымыз жарысты 19-орынмен аяқтады. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Швеция құрамасы көтерілді. Екінші орынды Франция иеленсе, Норвегия үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, әлем кубогының келесі кезеңі Эстонияның Отепя қаласында өтеді.