БАӘ-де әскери тікұшақ апатқа ұшырады


11:34, 10 наурыз 2026

Біріккен Араб Әмірліктері аумағында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 9 наурызда елдің БАӘ Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның X әлеуметтік желісінде жарияланған ресми хабарламаға сәйкес, қайғылы оқиға экипаждың әскери міндетін орындау кезінде болған.

«Әскери борышын атқарып жүрген екі әскери қызметкер тікұшақтың техникалық ақауы салдарынан апатқа ұшырап, қаза тапты», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Иранның бірнеше елге қатысты әуе соққылары туралы ақпаратты жоққа шығарғанын жазғанбыз.