18:57, 13 наурыз 2025
Синоптиктер алдағы жұмада, 2025 жылдың 14 наурызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, антициклон еліміздің басым бөлігінде болатын жауын-шашынсыз ауа райын айқындайды.
«Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ғана фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс тіркеледі, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп болжанады», — дейді гидрометео орталық мамандары.
Сондай ақ синоптиктер еліміздің үш ірі мегаполисіне қатысты ауа райы болжамын ұсынды:
Астанада — аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8…-10°C, күндіз шамамен: 0°C.
Алматыда — аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0…-2°C, күндіз: +11…+13°C.
Шымкентте — күн райы жауын-шашынсыз, аспан бұлтты. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +17…+19°C.
Бұған дейін 14-16 наурыз аралығында Алматыда жаңбыр жауып, ауа температурасы 15°С-қа дейін көтерілетінін хабарлағанбыз.






Leave a Reply