Жамбыл облысында екі тепловоз соқтығысты


18:54, 5 наурыз 2026

Жамбыл облысының Жаңатас станциясында екі тепловоз соқтығысты. Оқиға 2026 жылғы 5 наурызда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Жаңатас Су-Жылу» кәсіпорнының кірме жолына мазут тиелген бес вагонды беру бойынша маневрлік жұмыстар кезінде тіркелген.

Жамбыл депосының маневрлік локомотивінің машинисі «КАП Логистик» ЖШС-не тиесілі тепловозбен қатты соқтығысуға жол берген.

«Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді», – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.