13:41, 5 наурыз 2026
Қазақстанда Қарулы күштердің әскери қызметшілері, сарбаздар, курсанттар мен «Жас сарбаз» студиясының тәрбиеленушілері Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызға орай әсерлі сыйлық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 5 наурызда, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақ махаббат пен сергек сезім әлдилеген көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында Қарулы күштердің әскери қызметшілері, сарбаздары, кадеттері және «Жас сарбаз» студиясының тәрбиеленушілері барша аруларды, асыл аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, Болат Садраддиннің «Ана» әнін тарту етеді. Жүрекке жылы тиетін әсерлі ән арқылы әскерилер барша адамзат үшін ең қастерлі құндылық – анаға деген шексіз махаббат пен алғысын жеткізеді.






Leave a Reply