Қазақстанға қайтадан қар мен нөсер жауын жақындап келеді


18:38, 3 наурыз 2026

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 4 наурыз, сәрсенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес:

«Циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалынан еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік пен шығыста негізінен қар жауса, елдің оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі».

Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болжанып отыр.