Түркістан облысында полиция жүргізушіден 7 пакет есірткі тәркіледі


Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысында есірткі сақтап, тасымалдау фактісінің жолын кесті.

Жедел уәкілдер Отырар ауданындағы Шәуілдер – Түркістан автожолында Шымкент қаласының тұрғыны басқарған Lada автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің салонынан ішінде есірткі заты бар 7 пакет табылды.

Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 400 грамм марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.