Алматыда 1 наурыз күні «Астана» алаңы жабылады


10:30, 1 наурыз 2026

1 наурыз күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Алматыда Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай «Астана» алаңы уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық құтқарушылар азаматтық қорғау органдарының қарауындағы өрт сөндіру, құтқару техникалары мен арнайы жабдықтардың көрмесін өткізеді.

Сурет: Telegram/Almaty_Joly

Іс-шараға 50 бірлік техника мен 150 жеке құрам қызметкері қатысады.

Бұған дейін Алматыдағы көшелердің бірінде полицейлер қаптап, абыр-сабыр болғанын хабарлаған едік.